Қазақстан мен Польша арасында жаңа әуе рейстері ашылады

04.12.2019 17:25

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан-Варшава бағыты күнделікті рейс болады, сондай-ақ Варшава-Алматы бағытына аптасына 7 рет қатынайды

Artfile.me

Бүгінде тараптар арасындағы келіссөздер аяқталған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасында қатынайтын рейстер ұлғаяды. Қазіргі уақытта олардың саны аптасына 4 рет болса, енді 14-ке жеткізілмек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан-Варшава бағыты күнделікті рейс болады, сондай-ақ Варшава-Алматы бағытына аптасына 7 рет қатынайды. Келіссөздердің қорытындысы бойынша LOT Polish Airlines әуе компаниясы 2020 жылдың жазынан бастап Варшава-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстер санын аптасына 4-тен 7-ге дейін көбейтетін болды. Сонымен қатар, алдағы жылы Алматыға тұрақты рейстер ашпақшы. Польшаның әуе компаниясы Шымкентке де рейстер ашуды жоспарлап отырғандарын жеткізді.