Алматы полициясы жалған нөмірмен жүрген жүзге жуық көлікті ұстады

24.05.2022 17:28

Алматыда «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» жаңа жүйесінің алғашқы қорытындысы шығарылды

auto.vercity.ru

Алматы қаласы әкімшілік полициясының мәліметінше, «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» базасына жалған мемлекеттік нөмірлері және сақтандыру полисі жоқ шетелде тіркелген МТНБ бар көліктер туралы мәліметтерді енгізу бойынша күнделікті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда ақпараттық базаға жалған нөмірлері бар 766 көлік, сондай-ақ сақтандыру полисі жоқ 549 шетелдік нөмірі бар көлік құралдары енгізілді.  Сонымен қатар, мақсатты іс-шараларды өткізу кезеңінде алдыңғы шептегі бөлімшелердің қызметкерлері 91 көлікті ұстағанын, кейіннен олар айыппұл тұрағына орналастырылғанын хабарлаймыз.  Сондай-ақ әртүрлі жол қозғалысы ережелерін бұзған 12 мың 994 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», - деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Аманбек.

Бөлімшенің хабарлауынша, қалада жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көлік құралдарына арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан көлік жүргізушілерін, сондай-ақ көлікті мас күйінде басқарған азаматтарды жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жалғасуда.