Бұл шешім эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында қабылданған
Алматыда демалыс күндері автобус қозғалысы мен метро қызметі тоқтайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қала билігінің айтуынша, алдағы демалыс күндері - 13 және 14 наурыздаавтобустар жүрмейді және метро қызметі тоқтайды. Бұл шешім эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында қабылданған.
«Алдағы демалыс күндері, яғни 13 және 14 наурызда қоғамдық көлік, оның ішінде метрополитен жұмысы тоқтатылады. Жұмыс дүйсенбі, 15 наурыз, сағат 6.00-де жоспарлы режимде қайта басталады», – делінген хабарламада.