Алматы облысында ауа райының қолайсыздығынан жол жабылды

04.01.2021 17:35

Алматы облысы ТЖД азаматтарға ұзақ жолға шықпай тұруды өтінді

holanews.kz

Алматы облысында ауа райының қолайсыздығынан жол жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол» және «Қазақавтожолдың» Алматы облысындағы филиалдарының 2021 жылдың 4 қаңтарында сағат 10.30-да берген хабарламасына сәйкес, қатты боран болып, жолда ештеңе көрінбеуіне байланысты Үшарал - Достық (Көктума ауылы - Достық станциясы, 84-184-ші шақырым) республикалық маңызы бар автожолда көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген», –  делінген хабарламада.

Алматы облысы ТЖД азаматтарға ұзақ жолға шықпай тұруды өтінді. Қандай да бір жағдай болса 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрады.