«Эйр Астана» Дели бағытындағы рейстерін уақытша тоқтатты

28.02.2019 17:38

«Эйр Астана» колл-орталығы жолаушыларды тасымалдаудың барлық жолдарын шұғыл түрде қарастырып жатыр

Zakon.kz

«Эйр Астананың» Дели бағытында ұшатын барлық рейстері 1 наурызға дейін тоқтатылады, деп жазды компанияның Қоғаммен байланыс депаратменті.  

«Эйр Астана» колл-орталығы жолаушыларды тасымалдаудың барлық жолдарын шұғыл түрде қарастырып жатыр. Соның ішінде, форс-мажор жағдайларын реттейтін ИАТА ережелеріне сәйкес жолаушылар басқа әуе тасымалдаушылардың көмегімен жеткізілуі мүмкін», - деді Қоғаммен байланыс департаментіндегілер.


Айта кетейік, бұған дейін Пәкістан әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Үндістанға рейстердің  ұшырылмағанын хабарлаған болатынбыз.