Бұл жолмен тәулігіне 28 мың автокөлік өтеді деп жоспарлануда
Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр кейбір аса маңызды жобаларға қысқаша тоқтала кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, «Алматы үлкен айналма жолының» (БАКАД) құрылысы мен пайдалануымен айналысатын концессионер дайындық жұмыстарының бәрін аяқтап, құрылыс пен монтажға кірісті.
«Жол автокөліктер үшін 2021 жылы ашылады. Аталған жолмен тәулігіне 38 000 автокөлік жүреді деп күтілуде», – деп түсіндірді ол.