Қыркүйектен бастап метродағы пойыздардың жүру аралығы қысқарады

21.08.2023 17:42

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты

ашық дереккөзден

Қоғамдық көліктің сапасы мен жылдамдығына қойылатын талаптар өсуде, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, метроның мегаполисте сұранысқа ие болуы жерасты маршруттары желісінің ұлғаюымен жолаушылар ағынының өсуін дәлелдейді.

"Өткен жылдың мамырында 2 жаңа станция ашылғаннан кейін жолаушылар ағыны күн сайын 35 мыңнан 90 мыңға дейін 2,6 есеге өсті. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 3 жылжымалы состав қосылады, бұл қозғалыс аралығын 6 минутқа дейін төмендетуге мүмкіндік береді", – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Қала басшысы 2025 жылы "Қалқаман" станциясының құрылысын аяқтау жоспарланғанын, батыс бағытта "Барлық" базарына дейін 3 жаңа станцияның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүргізіліп жатқанын айтты.