22 ақпан мен 7 наурыз аралығында ұшуды жоспарлаған жолаушылар билетті қайта рәсімдей немесе өткізе алады
Air Astana әуе компаниясы Киевке рейстердің уақытша тоқтатылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Украина әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana бүгіннен бастап 2022 жылдың 7 наурызына дейін Киевке бағытталатын барлық рейсті тоқтатады", - делінген тасымалдаушы хабарламасында.
22 ақпан мен 7 наурыз аралығында ұшуды жоспарлаған жолаушылар 31 наурызға дейін билетті қайта рәсімдей алады немесе билетті өткізуге болады.
"Жолаушыларға смс-хабарлама жолданды. Киевке ұшатын рейстерді airastana.com сайтынан нақтылауды сұраймыз", - деді компанияда.
Бұған дейін азаматтық авиация комитеті Қазақстанның әуе компанияларына Украинаның әуе кеңістігінің үстінен ұшуға тыйым салынатыны туралы нұсқаулар жіберілгенін хабарлады.
Сондай-ақ Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желі қызметі іске қосылғаны туралы хабарлады.
Дереккөз: Sputnik