Алматыда «Сергек» орнатылған сегіз күнде 42 миллион теңгеге айыппұл салынды

09.01.2020 18:03

Бүгінде қалада 400 аппараттық-бағдарламалық кешен істеп тұр

Mail.kz

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда осы мерзімде 2564 жол ережелерін бұзу дерегі тіркеліпті. Ең жиі бұзылатын ережелер қатарында жылдамдықты асыру бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Еске сала кетейік, 1 қаңтардан бастап Алматыда «Сергек» камералары іске қосылды. Қазір қалада 400 аппараттық-бағдарламалық кешен істеп тұр. Біле жүріңіздер, «Сергек» жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілері мен жолақтарды елемеу, көлікті тоқтату ережесі және көлік құралдарын тұраққа қою, сондай-ақ қоғамдық көлікке арналған жолмен жүру деректерін тіркейді.