Қазақстан әуежайларында күшейтілген қауіпсіздік шаралары 10 мамырға дейін жалғасады

17.04.2019 18:05

Елімізде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде әуежайларда авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейеді

Комитет гражданской авиации МИИР РК

Қазақстан әуежайларында авиация қауіпсіздігі күшейтілген шаралары 10 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

«Бұл шаралар ҚР авиация қауіпсіздігі мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес жүзеге асып жатыр. Елімізде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде әуежайларда авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейеді. Аэровокзалдың кіреберісінде тексерудің бірінші желісі орнатылып, әуежайлардың бақыланатын және бақыланбайтын аймақтарында патрульдеу жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Аталған шаралар 2019 жылдың 10 мамырына дейін жалғасады.