Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

31.05.2021 18:07

Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейін

domofoto.ru

Алматы қалалық Мобильділік басқармасыны 1-10 маусым аралығында Әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетінін хабарлады. Бұл туралы қалалық Мобильділік басқармасынының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті алматылықтар!

Әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейінгі көлік жүретін бөлігіндегі жол жабындысын толық ауыстыра отырып жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1-10 маусым аралығында Әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.