2020 жыл 7 наурызда Алматы қаласында қар тазалау бойынша ақпарат

07.03.2020 18:07

Таулы аудандарда қар шығарылуда

©Sputnik / Тимур Батыршин

Алматыда екінші тәулік бойы жауын-шашын толастамай тұр. Сағат 8.00-дегі жағдай бойынша таулы аудандарда 45 см-ге дейін қар түсті. Ал қалада күндізгі жылы температураға байланысты қар жамылғысының биіктігі 4 см-ден аспады, деп Almaty.tv хабарлайды.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында тайғаққа қарсы материалдар себілуде. Наурыздың 6-сынан 7-іне қараған түні 1220 тонна материал пайдаланылды. Қарды жинау бойынша колонналар ұйымдастырылды. Таулы аудандарда қар шығарылуда.

Сонымен қатар тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қар тазалаумен 566 бірлік арнайы техника және 1400-ден астам жол жұмысшылары жұмылдырылды.

Аудандық және қалалық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін 07 наурызда қар жауу тиылады. Ауа температурасы -2...-7.