Президент Алматы облысының әкіміне апатты жолдарды жөндеуді тапсырды

02.05.2019 19:06
Фото : infovoronezh.ru

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы жолдардың 22 пайызы сын көтермейтінін айтты. Талдықорғанда жұртшылықпен кездесу барысында Мемлекет басшысы облыс әкіміне нақты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысы жолдарының 22 пайызы сын көтермейді. Өңір басшысына апатты жолдарды қалпына келтірудің 2025 жылға дейінгі жоспарын құруды тапсырамын», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына келді.