Тоқаев Үкіметке пойыз билетінің тапшылығын жоюды тапсырды

24.07.2019 20:26

Қазақстандықтар жаз мезгілінде кассаларда пойыз билеттерінің болмауына жиі шағымданады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жазда пойыз билетінің тапшылығын жоюды тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.


Теги: пойыз