Алматыда 28 қарашадан бастап метроның жұмыс кестесі өзгерді

28.11.2020 20:47

Жерасты жүрдек пойыздарының жұмыс кестесімен «Метрополитен Алматы» қосымшасында танысуға болады

ашық дереккөзден

Алматыда 28 қарашадан бастап метроның жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Құрметті жолаушылар, 28 қарашадан бастап метрополитен жаңа кестемен жұмыс істейді. Жұмыс күндері пойыздардың 6-4-3 құрамы 8-13-17 минут интервалмен шығады. Демалыс күндері 4-3 пойыз 13-17 минут интервалмен шығады» деді метрополитен басшылығы. 

Жерасты жүрдек пойыздарының жұмыс кестесімен «Метрополитен Алматы» қосымшасында танысуға болады.