Апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі
Алматыда Райымбек пен Назарбаев даңғылы қиылысында уақытша көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Апаттық қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Райымбек және Назарбаев даңғылы қиылысының батыс бөлігінде 30 шілде сағ. 22:00 мен 31 шілде сағ. 7:00 аралығында, шығыс бөлігінде 31 шілде сағ. 22:00 мен 1 тамыз сағ. 7:00 аралығында көлік қозғалысы тоқтатылады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының хабарламасында.