Алматыда жалған нөмір таққан қымбат көлік ұсталды

24.07.2019 19:40

Toyota Land Cruiser-200 автокөлігін жол сақшылары Тимирязев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында тоқтатқан

пресс-служба ДП Алматы

Алматыда жалған нөмір таққан «Toyota Land Cruiser-200» автокөлігі ұсталды. Элиталық жол талғамайтын көлік бірден мамандандырылған автотұраққа жеткізілді, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Toyota Land Cruiser-200 автокөлігін жол сақшылары Тимирязев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында тоқтатқан.  

Заңбұзушылыққа жол берген 60 жастағы көлік жүргізуші жалған нөмір мен арнайы жарық және дыбыстық дабылды не үшін орнатқанын түсіндіре алмады. Сондай-ақ, ол жекеменшік көлікті арнайы көлік ретінде көрсеткісі келген.

«Мұндай көлік жүргізушілерінде жауапкершілік мүлде жоқ. Өйткені, көлік иесі саналы түрде жол ережелерін бұзып, жалған нөмір орнатып көшеге шығады. Жол талғамайтын көлік жүргізушісіне Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 590-бабы 3-тармағына сәйкес хаттама толтырылды. Сондай-ақ, арнайы дыбыстық құрылғыларды рұқсатсыз көлікке орнатқаны үшін жазаланады. Оның көлігі қаладағы мамандандырылған көлік тұрағына жеткізілді», - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының мамандандырылған батальон командирі Серікжан Әбжанов.