Түрксіб, Алмалы және Әуезов ауданы тұрғындарының өтініші бойынша №92 бағыттағы қоғамдық көліктер 100%-ға жаңарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Осылайша, аталған бағытта 12 метрлік 20 жаңа автобус қатынайды.
«Көліктер түгел мемлекеттік тіркеуден өтіп, "Оңай" қондырғысы орнатылды, алдағы демалыс күндерінен бастап жаңа автобустар жолға шығады. Олар едені пәс, кең, қала тұрғындарын тасымалдау үшін арнайы жасалған», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қоғамдық көліктер табиғи газбен жүреді, кондиционер және видеобақылау орнатылған. Сыйымдылығы - 104 адам, 22 орындықты және мүкіндігі шектеулі жандар үшін қосымша 3 орны тағы бар.
View this post on Instagram
Түрксіб, Алмалы және Әуезов ауданы тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша №92 бағыт 12 метрлі 20 жаңа автобустармен толықты. Осылайша, аталған бағыт 100% жаңаратын болады. Автобустар мемлекеттік тіркеуден өтті, Оңай қондырғысы қойылды, енді жаңа көліктер осы демалыс күндері бағыт бойынша жолға шығады. Барлық көліктер төмен еденді, сыйымдылығы үлкен әрі қала жолаушыларын тасымалдау үшін арнайы жасалған. Автобустар табиғи газбен жүреді, кондиционер және видеобақылау орнатылған. Сыйымдылығы — 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жандар үшін 3 орын бар. ——————*** В связи с многочисленными обращениями жителей Турксибского, Алмалинского и Ауэзовского районов маршрут №92 обновлен 20 новыми двенадцатиметровыми автобусами. Таким образом, маршрут будет обновлен на 100%. Автобусы прошли государственную регистрацию, оборудования Оңай установлены и выйдут на маршрут уже в эти выходные. Все машины низкопольные, большой вместимости и специально разработаны для городских пассажирских перевозок. Автобусы работают на природном газе, оборудованы кондиционерами и видеонаблюдением. Вместимость — 104 человека, 22 сидячих места и 3 – для маломобильных пассажиров.
A post shared by Асет Мукажанов (@asaiti) onOct 18, 2019 at 1:07am PDT