Елімізде көлік жол апатына қатысты жаңа жүйе іске қосылды

22.05.2023 19:52

Жүйе 2 миллионнан астам азамат темір тұлпарын тексеріп үлгерген

egemen.kz

Елімізде көліктің жол апатына түскен-түспегенін тексеретін сервис іске қосылды. Жаңа жүйе жұмысын бастағалы 2 миллионнан астам азамат темір тұлпарын тексеріп үлгерген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл ретте ІІМ «автокөлік тарихы» мен «бірыңғай сақтандыру деректер базасы» сервисін біріктіруді жоспарлап отыр. Аталған мәселе министрлікте өткен апталық брифингте айтылды. Жиында сондай-ақ балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары да айтылды. Министрлік өкілінің ақпарынша, жыл сайын әсіресе, жаз кезінде балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы көбейеді екен.

– Жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында көше жол желісін жақсарту және қозғалыс техникалық құралдарын орнату жұмысы жүргізіледі. Жазда балалардың ойын алаңдарында көп уақыт өткізетінін ескере отырып, барлық өңірде іс-шаралар жоспарын әзірледік, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин.