Алматының Қазыбек би көшесі уақытша жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы жылу жүйелері мекемесінің баспасө қызметіне сілтеме жасап.
Аталған көшенің Мұқанов пен Масанчи аралығына ақпанның 13-інен бастап 25-іне дейін қозғалысқа шектеу қойылмақ. Өйткені, аталған аумақта жылу құбырлары жаңасына ауыстырылады. Жабық тұрған аймақты Төле би және Әйтеке би көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Еске салсақ, жөндеу жұмыстары жылуға ешқандай әсер етпейді.