Алматыда жалпы 542 мың 744 бірлік автокөлік құралы тіркелген
Алматыда жол апаттарының саны 30 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы қаласының әкімшілік полициясы хабарлағандай, жыл басынан бері қалада 2 мың 930 жол апаты болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,1%-ға аз.
«Осы апаттардың салдарынан 76 адам қайтыс болған, бұдан басқа 3 мың 427 адам жарақат алған. Барлығы 235 мың 313 жол ережесін бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 24 мың 040-ы жүргізуші. 1 мың 525 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген. Сот 1 мың 923 адамды көлік басқару құқығынан айырды. 1 мың 38 автокөлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды. Бүгінгі таңда жол қозғалысы ережелерін бұзудың тежегіші және алдын алу факторларының бірі – «Жол қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып табылады. Оның көмегімен 1 миллион 270 мың 361 құқық бұзушылық тіркелді», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Алматыда жалпы 542 мың 744 бірлік автокөлік құралы тіркелген.