Атыраудан Алматыға бағыт алған ұшақ апатты жағдайда қайта қонуға мәжбүр болды

16.11.2020 20:03

SCAT әуе компаниясының Боинг ұшағы жерге қона алмай екі сағат аспанда қалықтап жүрген

открытые источники

Атыраудан Алматыға бағыт алған ұшақ апатты жағдайда қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеше SCAT әуе компаниясының Боинг ұшағы жерге қона алмай екі сағат аспанда қалықтап жүрген. Компанияның өкілдері ұшу кезінде әуе кемесінің салонында ауа баптау жүйесінің индикациясы іске қосылған дейді. Содан экипаж дереу әуежайға оралу туралы шешім қабылдаған. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн ғана бұрын дәл осы SCAT әуе компаниясының Атырау-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшағы құстар тобымен соқтығысып, тағы да әуежайға қайта оралған болатын.