Қазір компания қызмет көрсеткен 12 маршрут резервтік автобустары бар басқа тасымалдаушыларға берілді
Алматыдағы ірі автобус паркі жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«АвтоТрансГаз» мекемесі шаhардағы 12 бағыт бойынша қызмет көрсетіп келген. Қалалық мобильділік басқармасының ақпаратынша, аталған компания кейбір автобустарды ауыстыруы қажет болған, алайда олар бұған дайын болмай шыққан және сол себепті де нарықтан кетуді шешкен. Енді тиісті басқарма бұл мәселені көп ұзамай жаңа автобустармен қамту арқылы шешеміз деп отыр. Қазір компания қызмет көрсеткен 12 маршрут резервтік автобустары бар басқа тасымалдаушыларға берілді.