Мамандандырылған ХҚКО-да көлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру қызметі тоқтатылды

17.04.2019 20:10

Ведомство техникалық ақауларға байланысты кешірім сұрады

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі уақытша тоқтатылды. Мұндай ақпарат ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Техникалық ақауларға байланысты арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру, мемлекеттік әкімшілік полиция бөлімшелерінің тіркеу және емтиxан қабылдау бөлімшелерінде ақауларды жойғанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.