Әйелдерге арналған жеке вагон болмайды – ҚТЖ

31.07.2019 20:12

Бір вагонның бағасы 1 млн АҚШ долларына пара-пар екен

Қазақстан аумағында әйелдерге арналған жеке вагондар іске қосылмайды. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов мұны БАҚ өкілдеріне берген жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірден айта кетейін, әйелдерге арналған жеке вагондар болмайды. Келешекте ондай купелер болуы мүмкін. Ал жеке вагон іске қосу - өте қымбат болатын шығар. Талай жылдар өткеннен кейін болмаса, дәл бүгін ондай жоспар жоқ», - деді ол.

ҚТЖ өкілдері бұл жерде халық вагон құнының өте қымбат екенін түсіну керектігін атады. Баспасөз мәслихаты барысында бір вагонның бағасы 1 млн АҚШ долларына пара-пар екені де айтылды.