Алматыдағы Құлжа тасжолында жаңа жолайрық ашылды

05.10.2023 20:22

Жол айрығының көлік өткізу мүмкіндігі 5 есе артады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолының қилысындағы жолайрығы бойынша 4 жолақты қозғалысы бар Бұқтырма көшесінің тоннелді бөлігі ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жоба Бұқтырма көшесі бойымен автокөліктің өту қабілетін 15%-ға, Құлжа трактісі бойынша 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Бұқтырма көшесі аймағының жалпы құрылыс ұзындығы 830 м, оның ішінде тоннель бөлігінің ұзындығы – 149 м.

Алматы әкімдігінің тапсырысы бойынша көлік жүктемесін төмендету, көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында Алматы қаласының солтүстік-шығыс бөлігінің жүктелген көлік тораптарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, 2018 жылы Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолының қиылысында жолайрық салу жобасы әзірленді, ал 2019 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

 - Тоннель ашылғаннан кейін жолайрығының айналма бөлігіндегі жүктемесі азаяды. Тоннель бөлігі ашылғанға дейін барлық көліктер айналма арқылы маневр жасайтын, мұнда жүктеме көбейіп, үлкен кептеліс пайда болды. Сондықтан 2018 жылы осы жолайрығын салу және Құлжа трактісі, Бұқтарма көшесі арқылы өтуді қамтамасыз ету және әуежайға қарай  көлік қозғалысын жеңілдету қажеттілігі туралы шешім қабылданды, - деп атап өтті Алматының қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.

Көлік торабы - бұл бірнеше жасанды құрылымдардың жиынтығы, олар: Бұқтырма көшесіндегі тоннель, тіреу қабырғалар, тіреу қабырғалары бар эстакадалар, сондай-ақ  нөлдік деңгейдегі  айналма жолдар және барлық бағыттардағы оң жақ съездер. Екі негізгі бағыттағы жол жүктемесін төмендету күтілуде, олар: Халықаралық әуежайдан Алматы қаласына және қаладан Талғар мен Алатау сынды елді мекендерге қатынайтын көлік қозғалысы. Қарбалас уақытта бұл бағыттардың жүктемесі өте жоғары, соның салдарынан үлкен кептелістер туындайды.

 - Түрксіб ауданындағы жолайрығын салу жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жоба 31 қазанға дейін толық аяқталады. Бүгінде су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Тораптың өткізу қабілеті 5 есеге жуық өседі, оны тәулігіне 340 мыңға дейін автомобиль пайдалана алады, - деді «Bazis Construction» ЖШС мердігер-компаниясының өкілі және объектінің басқарушы директоры Фариз Тутадзе.

Бүгінде осы жоба аясында Құлжа жас жолы бойынша эстакаданың аралық құрылысын, Бұқтырма көшесіндегі тоннель бөліктегі түйіспелерді салу бойынша жұмыстар аяқталды, ал бұл көлік торабының өткізу қабілетін бес есеге арттырады. Сондай-ақ, су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, абаттандыруды ескере отырып, осы көлік айрығының құрылысын толық аяқтау ағымдағы жылдың қазан айының соңына жоспарланған.

Айта кетерлігі, Алматыда бүгінде үш жолайрығы салынуда, олар: Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі (аяқталу мерзімі - 2024 жылдың соңы), Саин көшесі - Мөңке би көшесі (Мөнке би көшесі бойынша қозғалыс 2023 жылдың соңына дейін ашылады, нысанның аяқталу мерзімі – 2024 жылдың екінші тоқсаны) және Бұқтырма көшесі - Құлжа трактісі (қозғалыс толығымен ашық, абаттандыру жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқталады). Олардың барлығы Алматыда көлік ағындарының жүктемесін азайтуға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Алдағы бес жылда Алматы агломерациясында не пайда болады