Теміржолшыларға қосымша ақы төленді

31.01.2019 20:27
baq.kz

Достық көлік прокуратурасы Алакөл ауданының 1 337 теміржолшысына 6 млн-нан астам жалақының тиесілі бөлігін төлетуге қол жеткізді, деп хабарлайды Бақ.кз.

«Бұл соманың есептелуіне жұмыс берушілер ақ қар, көк мұзда, ауыр ауа райы жағдайларында жұмыс істеген қызметкерлерге қосымша ақы төлемегендігі жайлы дерек негіз болған. Еңбек Кодексінің және Ұжымдық шарт ережесіне сәйкес жұмыс беруші ашық ауада ауа температурасы -25 градустан төмен, +35 градустан жоғары, сондай-ақ -10 градустан төмен боран, қар, жауын кезінде жұмыс атқарған қызметкерлерге қосымша ақы төлеуге міндетті» - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актiнің негізінде анықталған заң бұзушылық жойылды, теміржол жұмысшыларына тиісті қосымша ақы толықтай төленді.