2013 жылдан бері «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жұмыс істеп тұр
«Жол қозғалысы қауіпсіздігі» жүйесі енгізілгелі бері Алматыда жол апаты көрсеткіші - 26%-ға, жарақат алу көрсеткіші - 20%-ға, адам өлімі 18%-ға азайды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінен хабарлады.
«2013 жылдан бері «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жұмыс істеп тұр. Елбасының 2018 жылғы халыққа Жолдауындағы 4-9 міндеттерді орындау мақсатында ақпараттық бейнеролик жасалды», - деді полиция департаменті.