11-14 тамыз аралығында бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі
Алматы қаласында Жетісу ауданының қиылыстарының бірі бойынша қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv
2023 жылғы 11 тамызда сағат 22:00-ден 14 тамызда сағат 6:00-ге дейін Алматы қаласының Жетісу ауданында Ангарская, Мақатаев және Палладин көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысынің жүрісі жабылады.
"Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесіне жоспарлы жұмыстар жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Абай күні: алматылықтар қалай атап өтіп жатыр