Республикалық маңызы бар жолдың барлық бағыты ашық

03.12.2022 20:36

Барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектеулері жоқ

Республикалық маңызы бар жолдың барлық бағыты ашық
thecoachpl.home.pl

Республикалық маңызы бар жолдар барлық бағыттар бойынша ашық, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "QazAvtoJol" Telegram арнасына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Қарағанды облысында ауа-райы нашарлап, боран мен жол бойында көрінудің шектелуіне байланысты "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Теміртау қаласына дейінгі учаскесі барлық көлік түрі үшін жабылғаны хабарланған болатын.

Ал Ақмола облысындадәл осы себептерге байланысты"Екатеринбург-Алматы" тасжолының Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаскесі жабылған болатын.