Алматыда “Сергек-Патруль” жаңа жүйесі 50-ден астам заң бұзушылықты анықтады

02.02.2023 в 20:38

Құрылғы қараңғыда да, қолайсыз ауа райында да жақсы жұмыс істейді

Фото: ДП Алматы

Алматыда “Сергек-Патруль” жаңа жүйесі 50-ден астам заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Сергек-Патруль” кешенінің көмегімен қаладағы жол қозғалысы жағдайына теріс әсер ететін және жол-көлік оқиғасы деңгейіне әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзулар анықталды. 

"Бұл – техникалық байқаудан өтпеген және сақтандыру полисі жоқ, ұрланған немесе қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген, жалған нөмір таққан көлік, сондай-ақ айыппұлдары төленбеген жүргізуші. Сонымен қатар, жүйе қоғамдық көліктерге арналған жолақтағы заң бұзушылықты тіркеп, жол қозғалысы ережелерін бұзуды өңдеу үшін деректі автоматты түрде әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жібереді", – делінген хабарламада.

Полицияда автоматтандырылған бағдарламалық кешен “Қорғау” мобильді қосымшасымен біріктірілгенін айтты. Ол өзінің техникалық мүмкіндіктерін айтарлықтай жақсартты: құрылғы қараңғыда да, қолайсыз ауа райында да жақсы жұмыс істейді.