Р. Скляр бағдарлама сәтсіздікке ұшырады деген сынмен келіспеді
Үш айдан кейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тағы қаржыландырылады. Ол туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның айтуынша, бұл қаражат револьверлік жүйеде айналып отырады. Сонымен қатар ол бағдарлама сәтсіздікке ұшырады деген сынмен келіспеді.
«Бағдарлама сәтсіздікке ұшыраған жоқ. 10 мың несие және 10 мың көлікті халық қайткенде алады. Иә, бір күнде емес, бірақ қысқа уақыттың ішінде әске асады», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр
Сондай-ақ ол утиль алымынан бас тартуға қатысты пікір білдірді. Ал бұл мәселеде популистердің жетегіне ермеуге шақырды.
«Мүмкін емес ештеңе жоқ, екеуін де жоққа шығаруға болмайды. Біздің біртұтас экономикалық кеңістікте екенімізді ұмытпау керек, көршілерімізде бұл утиль алымы бар. Бізде өндірушілер, машина жасаушылар және басқаларды қорғау үшін басқа тетік жоқ. Түрлі популистерді тыңдаудың қажеті жоқ. Әңгіме еліміздің дамуы мен машина жасау саласының болашағы туралы болып отыр. Олар «біз автокөлік шығара алмаймыз, оған шамамыз жетпейді» дейді, мен келіспеймін», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр.