Бұған дейін Tesla-ның Алматыда сервистік орталығы ашылатыны айтылған болатын
Америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға, Ресейге және ТМД-ның басқа елдеріне Tesla ресми келетінін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Біз жақында Ресейге барамыз, Tesla ресми түрде барады. Бұл керемет болар еді. Сондай-ақ, болашаққа кеңінен қарап, көз жүгірту керек, Қазақстанға, ТМД елдері деген сынды », – деді Маск ресейлік «Новое знание» марафонында бейне байланыс арқылы.