Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді
Троллейбус жүргізушісі рульді басқара алмай, аялдама мен жаяу жүргіншіге соқтығысқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Жол апаты Алмалы ауданында болған. Апат салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
- Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұл жол-көлік оқиғасы Алматының Алмалы ауданында орын алған. Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта, Мақатаев көшесінің оңтүстігінде келе жатқан троллейбус жүргізушісі рөлді басқара алмай, аялдама кешеніне соғылып, аялдамада тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Апат салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр,- деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.