Алматы әуежайы 13 қаңтардан жұмысын бастайды

12.01.2022 21:14

Фото: ашық дереккөзден

Халықаралық Алматы әуежайы 2022 жылғы 13 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап өз қызметін қайта бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Халықаралық Алматы әуежайы 2022 жылғы 13 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап өз қызметін қайта бастайды. Алматы қаласында коменданттық сағаттың енгізілуіне байланысты әуежай жұмысы 08:00-ден 21:00-ге дейін жүзеге асырылады. Ішкі рейстермен қатар халықаралық рейстер де орындалатын болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тек жолаушыларға ғана терминалға кіруге рұқсат етіледі", - делінген хабарламада.