Алматыда Рысқұлов даңғылының бойымен шығыс бағыттағы қозғалыс ішінара жабылады

14.06.2021 21:18

14 маусым кешкі сағат 20.00-ден 15 маусымдағы таңғы сағат 6.00-ге дейін

time.kz

Алматыда Рысқұлов даңғылының бойымен шығыс бағыттағы қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық Мобильділік басқармасы хабарлағандай, Рысқұлов даңғылы бойындағы (Жангелдин көшесінен Айша-Бибі көшесіне дейін, Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағы) жол жабынын орташа жөндеу жұмыстарын жалғастыруға байланысты осы жылдың 14 маусымында кешкі сағат 20.00-ден 15 маусымдағы таңғы сағат 6.00-ге дейін қозғалыс бөлігі ішінара жабылады.

"Қала тұрғындары мен қонақтары өздерінің бағыттарын алдын-ала жоспарлауы тиіс. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз" делінген хабарламада. 


Теги: алматинцы