Елімізде пойыз билеттеріне жеңілдік жарияланды

16.02.2022 21:18
turkystan.kz

Жолаушылар 2022 жылдың ақпан айының соңына дейін «Тальго» коммерциялық пойыздарына жеңілдікпен билет ала алады деп хабарлады Almaty.tv  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28-ден 51 пайызға дейінгі жеңілдікпен осы айдың соңына дейін мына бағыттар бойынша билет алуға мүмкіндік бар:

1) № 29/30 «Алматы 2 – Атырау» 35 пайызға дейін;

2) № 51/52 «Алматы 2 – Нұр-Сұлтан 1-Орал» 28 пайызға дейін;

3) № 69/70 «Алматы – Өскемен 1» 51 пайызға дейін;

4) № 111/112 «Алматы 2 – Маңғыстау» 43 пайызға дейін;

5) № 105/106 «Алматы 2 – Петропавл» 46 пайызға дейін;

6) № 711/712 «Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Шымкент» 43 пайызға дейін.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады.

Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап пилоттық режимде әйелдер вагоны тағы 6 жолаушылар пойызында іске қосылды.