Жөндеу жұмыстарын Ақан сері, Жансүгіров, Жұмабаев көшелері арқылы айналып өтуге болады
Биыл Сейфуллин даңғылының Алматы-1 теміржол вокзалынан Рысқұлов көшесіне дейінгі бөлігін орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жөндеу жұмыстары тамыздың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазіргі таңда Алматы-1 теміржол вокзалынан Жұмабаев көшесіне дейінгі бөлігінде полимерлі асфальтбетон жабынын төселіп, көлік қозғалысы ашылды.
Ендігі бөлік – Жұмабаев көшесінен Ақан Сері көшесіне дейін. Аталнан учаскеде 8 тамыз саат 23:00-ден 10 тамыз 07:00-ге дейін полимерлі асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады .
Жөндеу жұмыстарын Ақан сері, Жансүгіров, Жұмабаев көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Сейфуллин даңғылын қиып өтетін Жұмабаев, Айбасов, Дулатов, Котельников, Ақан көшелерінде қозғалыс ашық болады.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін патрульдік полицияның 4 экипажы қызмет етеді.
Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Almaty_Joly телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы Әл-Фараби мен Абай даңғылын жөндеу жұмысы қашан аяқталады