Бұл туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстан Қырғызстан арасындағы әуе рейстерін қайта ашуды көздеп отыр. Бұл туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл мәселе ведомства аралық комиссияда шешілетін болады. Ал, Ресеймен әуе арқылы қатынас қашан жанданатыны әзірге белгісіз.
Еске салайық, осыған дейін Қырғыз билігі біздің елді өз мемлекеттеріне кіруге рұқсат берілетін республикалардың қатарына кіргізген болатын. Айта кетейік, Қазақстан сондай-ақ, Будапештпен де әуе қатынасын жандандырмақшы.