Көлік кептелісті реттеуге және жол-көлік оқиғасы болған жерлерге жедел жетуге арналған
Алматы полицейлері жаңа мотокөлік алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Патрульдік полицияға және жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонына 20 «КТМ» мотоциклдері берілді. Олар көліктер көп кезде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кептелісті реттеуге және жол-көлік оқиғасы болған жерлерге жедел жетуге арналған.
Полицияда жеке құрамның алдын ала автокөлікті басқаруға үйренгенін атап өтті.
Тәртіп сақшыларының пікірінше, мотокөлік мобильді болуға мүмкіндік береді, оқиға болған жерге жетуді тездетеді және шаһар жолдарындағы жағдайдың жақсаруына ықпал етеді.