Алматыда жол-құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау күшейтіледі

18.04.2022 21:38

Кеңес барысында жол инфрақұрылымын дамытудың 2022 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы есеп тыңдалды

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен мердігерлік ұйымдар басшыларының, ғылыми мекемелер мен техникалық қадағалау мамандарының, жол-құрылыс материалдарын жеткізушілердің қатысуымен қаланың жол инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеңес барысында жол инфрақұрылымын дамытудың 2022 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы есеп тыңдалды. Жоспарға жолайрықтарын салу, көшелерді ұзарту, жол салу, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастыру және т.б кіреді.

"Бүгінде қала жолдарында өндірілетін жұмыс технологиясын сақтау және жол-құрылыс материалдарының сапасы бойынша проблемалар бар. Пайдаланылатын материалдар қозғалыстың интенсивтілігіне байланысты жолға түсетін жүктеменің өсуіне төтеп бере алмайды, бұған көшелердегі тұрақты ақаулар – пайдаланудағы ақпалар. тіпті кепілді қолдану кезіндегі жолтабан, жарықтар дәлел бола алады", - делінген хабарламада.

Кеңесте жол құрылысы кезіндегі негізгі бұзушылықтар мен жол инфрақұрылымының ақаулары туралы баяндалды. Алматы қаласы бойынша Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының деректері бойынша өткен жылы 1100 инспекциялық жол жүрудің қорытындысы бойынша жол-құрылыс материалдарының 3 мыңға жуық сынамасы іріктеліп, сыналды. Нәтижесінде 800 сынаманың (немесе 27%) нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды, жұмыс жүргізу технологияларының бұзылатыны тіркелді. Қала басшысы мердігерлік ұйымдарға кепілдік міндеттемелер аясында жасалған бұзушылықтарды өз қаражаты есебінен толық көлемде және бекітілген мерзімде жоюды тапсырды. Бұдан басқа, Жол активтері сапасының ұлттық орталығына орындалатын жұмыстар мен жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау үшін іс-шараларды ұлғайту тапсырылды әрі тексеру аймақтары кеңейетін болады. Егер бұрын бақылау аймағына тек магистральдық жолдар енетін болса, енді екінші деңгейлі, квартал ішіндегі және үйлер арасындағы жолдар да бағаланады. Әкім қажет болған жағдайда мұндай бақылау іс-шараларын қаржыландыруды ұлғайтуды қарастыруға дайын екенін растады.

Кеңес барысында мәселелердің жеке блогы жол инфрақұрылымының құрылысы мен қызмет көрсету сапасын арттыруға арналды. Қала басшысы әлемде белсенді қолданылып жүрген озық технологиялар мен заманауи материалдарға, мысалы, полимер негізіндегі битумды пайдалануға көшу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Ерболат Досаев сыртқы түрі тозған әрі техникалық жағдайы қанағаттанғысыз жол белгілері мен конструкцияларының жағдайын сынады. Көшелерде тот басқан және өңсіз тіректер, жол қоршауының қираған құрылымдары бар. Жиі сырлау тпрактикасы тиімсіз және қымбат – мұндай тәсілдерді түбегейлі өзгерту қажет. Мердігерге қазіргі заманғы берік материалдарға, мырышталған металл бұйымдарға көшу тапсырылды. Қала басшысы сондай-ақ ескірген бағдаршам объектілерін жаңғыртудың екінші кезеңін іске асыру бойынша жұмыстарды жеделдетуді талап етті.

Алматы әкімі нарықтың талаптарына сай барлық ұсыныстарды пысықтауды, сондай-ақ ағымдағы жылдың 16 мамырына дейін құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру үшін стандарттар мен әдістерді жетілдіру бойынша нақты шешімдерді ұсынуды тапсырды.

Бүгінде Алматының көше-жол желісінің ұзындығы 3096 км құрайды, оның 234 км қатты жабыны жоқ. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесінің көрсеткішін 95%-ға дейін жақсарту үшін 2025 жылға қарай 290 км жаңа жол салу, жыл сайын ұзындығы кемінде 200 км жолдарға орташа жөндеу және 350 мың шаршы метрден астам асфальтбетон жабынына ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда.