Ұлан-Батырдан Алматыға тікелей рейс Моңғолиядан келген студенттер мен бизнесмендерге қажет
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Hunnu Air авиакомпаниясының директоры Мунхжаргал Пурэвжалмен кездесуде тікелей рейсті ашу перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлан-Батырдан Алматыға тікелей рейс Моңғолиядан келген студенттер мен бизнесмендерге қажет. Сондай-ақ біздің әуежай Моңғолиядан Үндістанға және басқа елдерге ұшу үшін транзит ретінде тартымды.
Кездесу қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев моңғолдық әуе компаниясының мүддесі мен дайындығын қолдауға ниет білдірді.