Шетелдік көліктерді уақытша тіркеу қашан басталады

13.07.2023 21:54

Оларды 5 жыл уақытша тіркеуге қоюға болады

ara24.kz

Қазақстанда заңдастырылған шетел көліктерінің 66 пайызы Ресейден жеткізілген. Жалпы легализациядан өткен темір тұлпарлардың дені Кеден одағының құрамындағы үш елге тиесілі екен. Ресейден 136 мыңнан астам, Армениядан 37 мыңнан көп, ал Қырғызстаннан 22 мыңнан астам автокөлік заңдастырылыпты,деп хабарлады Almaty.tv тілшісі. 

Ішкі істер министрлігі шетел көліктерін тіркеу бойынша есеп берді. Жауаптылардың айтуынша, Алматы қаласында – 26 мың 115, Ақтөбе облысында – 20 мың 876, Шымкент қаласында – 15 мың 145, Батыс Қазақстан облысында 14 мың 204, Атырауда 14 мың 197, ал Қызылорда облысында – 13 мың 695 автокөлік легализациядан өткен. Қазақстан нөмірін алып үлгермеген, бірақ 1 шілдеге дейін құжатын тапсырған азаматтардың өтініші өңделетін болады.

– Басқа елде бұрынғы тіркелген жері бойынша олар есептен шығарылған жағдайда иелерін бастапқы тіркеуден өтуге немесе оларды кері әкетуге міндеттей отырып, 5 жыл мерзімге уақытша есепке қояды. Уақытша есепке қою кезінде Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәлігі және мемлекеттік нөмірлік белгілері берілетін болады, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы

Еуразиялық одақ елдерінен әкелінген көлік иелеріне уақытша есепке алу шарасы біткенге дейін полиция тарапынан ешқандай қысым болмайды. Бірақ тіркеуге арналған қосымша сервис 17 шілдеден бастап толыққанды жұмысын бастайды. Сол кезде осы көлік иелері темір тұлпарын заңдастырып алу керек.

– Бұл автокөліктерді 17 шілдеден бастап заңдастыру жалғастырылады. Автокөліктер Ресейден, Армениядан, Қырғызстаннан тіркеуден шықпаған, себебі ол жерде кейбір шектеулер қойылған. Кейбір автокөліктер банктерде кепілде тұр. Сондықтан уақыты созылғаннан кейін біз осындай жолға бардық, – деді Қайсар Сұлтанбаев.