Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты
Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында орналасқан "Сары-Арқа" және "Момышұлы" метро станциясы маусым айында ашылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Досаев Әуезов ауданында көлік кептелісі жиі болатынын, бұл тұрғындардың жайлылық деңгейіне кері әсер ететінін айтты.
"2022 жылдың маусымында Әуезов ауданындағы "Сары-Арқа" және "Момышұлы" метро станциясын іске қосамыз. Бұл метрополитеннің тәуліктік жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады", - деді қала әкімі.