Елімізде ақылы жолдар қымбаттады

28.09.2023 22:30

«Павлодар – Қалбатау» бағытындағы автомобиль жолында қатынау үшін төлем алынбақ

Almaty.tv

Қазақстанда тағы бір ақылы жол пайда болды. Республикалық маңызы бар «Павлодар – Қалбатау» бағытындағы автомобиль жолында қатынау үшін енді төлем алынбақ. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

Министр мәліметінше, ақылы жолдың ұзындығы 453 шақырым. Оның пайдалану мерзімі 20 жыл. Жаңа өзгеріс 8 қазаннан бастап күшіне енеді. 

Сондай-ақ министр елдегі ақылы жолдардың тарифі өзгеретінін жеткізді. Жалпы алғанда 11 ақылы жол қымбаттаған. Көлік жүргізушілері ақыны енді жаңа тарифпен төлейді. Оның бағасы айлық есептік көрсеткішке байланысты есептеледі. Мәселен, «Алматы – Қорғас» бағытындағы жолға 359 теңге төлесе, «Астана – Павлодар» бағытына 456 теңге, «Шымкент – Қызылорда» күре жолына 527 теңге деп бекітіліп отыр.

– Түскен қаражатты жолды қалпында ұстау үшін қайта жұмсап жатырмыз. Біріншіден, тразиттік елге айналып барамыз. Жолдың сапасын қамтамасыз ету мақсатында түсетін түсім жеткіліксіз, – дедіҚР Көлік министрі Марат Қарабаев.

Оқи отырыңыз: БҚО-да тасжолда болған апаттан екі жүргізуші қайтыс болды