Алматыда жексенбі күні қоғамдық көлік жүретін болды

05.09.2020 22:29

Жексенбі күні қоғамдық көлік бұрынғы режиммен жүреді

открытые источники

Алматыда 6 қыркүйек, яғни жексенбі күні қоғамдық көлік жүретін болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Жексенбі күні қоғамдық көлік бұрынғы режиммен жүреді. Жұмыс күндері автобус маршруттары кешкі 20:00 дейін жүреді. Түнгі 22:00-де автобустар паркке кетеді. Сондықтан кей бағыттардың жұмысы ертерек аяқталады» деп мәлім етті Алматы көлік холдингінен. Айта кетейік, кеше тұрғындардың сұранысымен қоғамдық көлік сенбі күні жүретінін хабарлаған болатынбыз.