Қазақстандық көліктерді шетелге экспорттау көлемі 23 пайызға артты

21.07.2022 22:37

Машина жасаудағы сала үлесі 37,5%-ға өсіп отыр

Фото: ашық дереккөзден

Биыл жарты жыл ішінде елімізде 51 мыңнан астам автотехника шығарылды (2021 жылы - 39 482), деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Автомобиль, тіркеме мен жартылай тіркемелер өндірісі 30,6%-ға артты. Машина жасаудағы сала үлесі 37,5%-ға өсіп отыр. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстанға экспорт 23% артып, 4 557 автомобильге дейін өскен. 

Жалпы сомасы 53,9 млрд теңгеден асты. Биыл 13 шілдеде бағдарламаға қатысушы банктер 90 млрд теңге сомасына 11 825 өтінімді мақұлдады. Мақұлданған өтінімдер бойынша қазірдің өзінде 7 852 автомобиль шығарылды. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ең танымал брендтердің бестігіне (экспортты қоса алғанда) Chevrolet, Hyundai, Kia, Lada және JAC автокөлігі кіреді.