Әлихан Смайылов жанармай бағасын бақылау жөнінде жұмыс тобын құруды тапсырды

23.08.2022 23:03

Премьердің орынбасары Роман Скляр жетекшілік ететін болады

Almaty.tv

Премьер-министр Әлихан Смайылов жанармай бағасын бақылау мен оның тапшылығын болдырмау жөнінде жұмыс тобын құруды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Премьердің орынбасары Роман Скляр жетекшілік ететін болады.

«Ұлттық Экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау агенттігімен және әкімдіктермен бірлесіп, баға негізсіз көтерілген жағдайда тиісті ден қою шараларын қабылдауды қамтамасыз етсін. Сондай-ақ Индустрия министрлігі, Қазақстан темір жолы компаниялары мұнай өңдеу зауытынан мұнай өнімдерін уақытылы жіберу бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдауы қажет», – деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.