Егер жарнама анықталса, тасымалдаушы компанияларға ескерту жасалады
Алматыдағы қоғамдық көліктерде түрлі жарнама орналастыру жиілеп кетті. Атап айтқанда, мұндай фактілер №141, 47, 50, 85, 112, 63, 120, 121 бағытында тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Келісілмеген жарнама мәтінін автобус және троллейбус салондарында жариялау субсидиялау келісімшартының талабына сай келмейді. Сондықтан қалалық мобилділік басқармасы осындай жарнама анықталса, тасымалдаушы компанияларға ескерту жасайды.
Қалалық мобилділік басқармасы мамандары тасымалдаушы компания қызметкерлерімен бірлесе отырып рейдтік іс-шарсын ұйымдастырады.
Басқарма тарапынан тасымалдаушы компанияларға көліктердегі жарнама ілінетін саңылауларды бітеп тастау туралы тапсырма берілді.