Алматыда 23 маусымда Айрих көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі

21.06.2022 23:22

Көлік жүрісі Айрих көшесінің бойымен Абай даңғылынан Ұлықбек көшесіне дейінгі бөлікте тоқтатылады

Алматыда 23 маусымда Айрих көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі
РИА Новости

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 23 маусым күні сағат.07:00 мен 19:00 аралығында Айрих көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көлік жүрісі Айрих көшесінің бойымен Абай даңғылынан Ұлықбек көшесіне дейінгі бөлікте тоқтатылады. Аталған іс-шара орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.

Дереккөз: Алматы қалалық мобилділік басқармасы.